Skip to content

Мемлекеттік қызметтер

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЕСЕП

Жалпы ережелер

  • Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: “Балқаш қаласының білім бөлімі Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы беретін мектебі” мемлекеттік мекемесі.
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

2024 жылы білім беру саласында 407 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: қағаз түрінде – 288, ақпараттық сервис (ebilimal.kz,) арқылы – 119 өтініштері қаралды.

2024 жылы білім бөлімі 381 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

  • Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау- 39 өтініш келіп түсті.
  • Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау- 51 өтініш келіп түсті, Электронды 1 сыныпқа-46 өтініш оң қаралды, 10 сыныпқа 5 өтініштері оң қаралды.
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – Электронды 20 өтініш, канцелярияға 3 өтініш қағаз түрінде түсті
  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну – 1-4 сынып-193  өтініш, 5-9 сынып- 25 өтініш қағаз түрінде түсті. (16377446,4 теңге  көмек көрсетілді)
  • Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 3 өтініш келіп түсті.
  • Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау – Электронды 6 өтініш келіп түсті
  • Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету – Қағаз түрінде 67 өтініш келіп түсті. (5117952 теңге қаржылай көмек көрсетілді)
  1. Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
  2. Білім саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
  3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
  4. «Азаматтардың жекелеген санаттарын, сондай-ақ қорғаншылық (қамқоршылық) және патронаттағы адамдарды, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының студенттері мен оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету»;
  5. «Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен оқушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды қамтамасыз ету»;
  6. «Мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу кезегіне қою»;
  7. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2024 жылы білім бөлімі мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен БАҚ және әлеуметтік желілерде 3 дөңгелек үстел  өткізілді. Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  • 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау ісшараларының жоспары бекітілді.